Сондай-ақ анонимділік тұрғысынан кепілдік беріледі
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігімен көзделген қылмыс жасағаны үшін, халықаралық іздеуде жүрген ҚР азаматы, 16.10.1978 ж.т. Дауренбек Аманкулович Кожабаевты іздестіруде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде, Агенттікке келесі телефондар арқылы: 1424 – Call-орталыққа, 8 (7172) 90-92-60 (Кезекші бөлім), 8-701-972-06-05, 8-775-934-63-33, хабарлау қажет», - делінген хабарламада.
Іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін сыйақы және анонимділік тұрғысынан кепілдік беріледі.