Қаулы 2024 жылғы 27 маусымда күшіне енді
Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 маусымдағы «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Қалқаман стансасынан «Барлық» базарына дейінгі метрополитеннің бірінші желісінің үшінші кезегін салу үшін орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау», - деп жазылған Қаулыда.
Жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығару 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.
Мүлік иелері Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы 90, 801 кабинет мекенжайы бойынша хабарласа алады.
«Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Қаулы 2024 жылғы 27 маусымда күшіне енді.