«Анамды сағындым»: генерал-майор сарбаздар әскерден неге қашатынын айтып берді

Автор: Аягөз Құрмаш

Сауалнама толтырғандардың көбі үйін сағынатынын айтқан

Фото: istockphoto.com

Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Сәкен Жүсіпов әскерден жалтарған жастарға 5 АЕК айыппұл бар екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«Негізі себептердің бірі – үйін сағыну. Қазір жастар басқаша тәрбиеленген. Біз тұрақты түрде сауалнама өткіземіз. Әскери бөлімшені өз еркімен тастап кеткен сарбаздарды іздеп, табамыз. Олар өз түсініктемелерінде «үйімді, анамды, әкемді сағындым» дейді. Кейде БАҚ-та болған негативті деректер де әсер етіп жатады. Олар болған күнде де, басқаша жеткізілуі мүмкін. Қорғаныс министрлігін әлімжеттік бар деп айыптайды. Көктемгі және күзгі шақыртулардағы сарбаздар бөлек тұрады. Бұл бұрыннан қалыптасқан жағдай», - дейді ол.

Жүсіпов «әлімжеттік» деген мағынаны жою керегін айтты.

«Қазір жастар сауатты. Оларға барлық жағдай жасалған. Туыстарымен телефон арқылы, видеоконференциялар арқылы сөйлесуге рұқсат бар. Олардың тұру, тамақтану жағдайын өзге мемлекетттік органдар тексереді», - дейді Сәкен Жүсіпов.