$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.07.2024, 15:47
Қоғам

Антикор «СҚ-Фармация» компаниясындағы тексеріс жайлы мәлімдеді

Компанияда анықталғандай, сатып алу жүйелері тиімсіз құрылған

Антикор «СҚ-Фармация» компаниясындағы тексеріс жайлы мәлімдеді
Фото: sk-pharmacy.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2024 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дәрі-дәрмектермен сапалы қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігіне байланысты «СҚ-фармацияда» талдау жүргізілді.

«Компанияда анықталғандай, сатып алу жүйелері тиімсіз құрылған, қажетсіз «төсемдер» жасалған, көтерме жеткізушілердің картельдік келісімі бар және олардың қызметіне тиімді бақылау жоқ», - деп хабарлады Антикор.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде жүргізілген тергеу барысында бірнеше фармацевтикалық компанияға қатысты іс сот тәртібімен қаралды. Осылайша, «Медсервис плюс» КФК» ЖШС, «Ақниет» ЖШС және «Стофарм» ЖШС компаниялары «СҚ-Фармация» ЖШС жүргізетін дәрілік заттарды тасымалдау және сақтау жөніндегі қызметтерді сатып алу кезінде картельдік сөз байласуға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Маусым айында Ренат Есқалиев «СҚ-Фармация» басқарма төрағасы қызметінен босатылды.

«СҚ-Фармация» Қазақстандағы Бірыңғай дистрибьютор бола отырып, еліміздің ауруханалары мен емханаларын дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етеді. Оларды сатып алуға жыл сайын кәсіпорынға бюджеттен 400 миллиард теңге бөлінеді.

Серіктес жаңалықтары