Қызылордада белгілі блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол жергілікті құрылыс компаниясының бірінің басшысынан ақша бопсалаған

Фото: depositphotos.com

Қызылордада белгілі блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл ақпаратты Қызылорда облыстық ПД растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат әуелі әлеуметтік желіде тарады. Ол жергілікті құрылыс компаниясының бірінің басшысынан ақша бопсалаған. Қызылорда облыстық Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жариялануға жатпайды», - делінген хабарламада.