Ата-анасы ант беруіне келе алмаған сарбаз президент полкіне ауысты

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол әскери борышын енді «Айбында» өтейді

Фото: видеодан скриншот

Жаздың басында желі жұлдызына айналған сарбаз Александр Землянкин президент полкіне ауысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің баспасөз қызметі сарбаз айрықша мақсаттағы «Айбын» полкіне ауысқанын хабарлады.

«ҚР ҚМ 51809 әскери бөлімінің мерзімді қызмет әскери қызметшісі қатардағы жауынгер А.Землянкин ҚР МКҚ Айрықша мақсаттағы күштерінің «Айбын» Президенттік полкіне ауысты», - делінген хабарламада.

Александр Землянкин 1 маусымда әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының 51809 әскери бөлімінде ант қабылдаған. Өкінішке қарай, туыстары салтанатты шараға келе алмады. Майордың сұрағына сарбаз көңілін қалдырмай, әскери тәртіппен жауап берді.

Александр – Щучинск қаласының тумасы. Мерзімді әскери қызметін Маңғыстау облысында атқарып жүрген.

Жас жігіттің видеосы TikTok- та кеңінен тарады. 2 миллионнан астам қаралым жинаған, 10 мыңға жуық пікір жинаған.

Ал сарбаздың мамасы ұлының ант беруіне о бастан баруды жоспарламағанын айтып, «бұл-әскер, балабақша емес» деп жауап берген еді.

 

Тегтер: