Ал медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 6860 дәріге шектік баға қойылғанын айтады
Дәрі-дәрмектің бағасы жыл басынан бері 12% қымбаттаған. Биыл қаңтар-мамыр айларында елімізде 70,9 млрд теңгенің дәрілік заттары өндірілген. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 15,8% ға артық. Бұл туралы Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Экономист Сапарбай Жұбаевтың айтуынша дәрілердің бағасының өсуіне инфляция себеп. Бұл проблеманы шешу үшін шетелден келетін өнімдерге салықты көбейту қажет. Сонда өзімізде өндіріліп жатқан өнімге қолдау көрсете аламыз дейді.
«Егер де біз шетелден келетін дәрілер арзан бола берсін дейтін болсақ, біздің халқымыз Ресейдің басқа елдердің дәрі-дәрмегіне көбірек жүгінеміз да сол кезде біздің халық көбірек дәрі шығармайтын болады. Сондықтан біз өзіміздегі дәрілерді қолдау үшін азғантай да сол шетелден келетін дәрілерді көтеріп тұруымыз қажет», - дейді экономист Сапарбай Жұбаев.
Ал медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 6860 дәріге шектік баға қойылғанын айтады. Дәріханалардағы бәсекелестікті арттыру үшін 302 тауар қайта реттелуге жіберілген.
«Министрлік тарапынан дәріханалардың арасындағы бәсекелестікті байқау үшін 300-ден астам дәрілік тауар қайта реттелуге жүргізілді. Мысалы 302 дәріге шектік баға алынып тасталды. Сол бойынша да бізде анализ жүргізіліп отырады. Қаншалықты өсіп жатыр. Қаншалықты кеміп жатыр. Сол анализ бойынша 12% өсті деп айтылуы мүмкін», - дейді ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті басқармасының бас сарапшысы Асия Молдиманова.
Айта кетейік, Қазақстан биыл 6,5 мың тонна дәрі-дәрмек импорттаған. Оның ең көбі Қытайдан жеткізілген.