$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.04.2020, 21:38
Қоғам

Алматы дәрігерлері салмағы 650 грамм баланы аман алып қалды

Қазір оның салмағы 1900 грамм болды

Алматы дәрігерлері салмағы 650 грамм баланы аман алып қалды

Алматыда дәрігерлер салмағы 650 грамм, бойы 29 см болып шала туған нәрестені аман алып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургия орталығының қабылдау бөліміне 11 ақпанда іштің төменгі жағы мен белінің ауырсынуына шағымданып, жүктілік мерзімінің 25 аптасындағы бір әйел  түсті. Орталық дәрігерлері толғақты тоқтата алмады. 17 ақпан күні кешке пациентте толғақ қайта басталып дүниеге салмағы 650 грамм, бойы 29 см сәби келді. Баланың жағдайы ауыр болды», - деп жазылған хабарламада.

Дәрігерлер сәбиге дереу сурфактант енгізіп, жасанды желдету аппаратына қосу үшін бірден жан сақтау бөліміне орналастырды. Ол 17 күннен кейін аппараттың көмегінсіз тыныс ала бастады. Жаңа туған нәресте жансақтау бөлімінде бір айдан астам уақыт жатты.

«Қазіргі уақытта нәресте жақсы емеді. Қазір оның салмағы 1900 грамм болды. Бәрі жақсы болса, біз жақын арада баланы үйіне шығарамыз», – деді дәрігер Наиля Хайруллина. 

Өз кезегінде сәбидің анасы дәрігерлер мен медбикелерге, санитарларға алғыс білдіреді. 

Серіктес жаңалықтары