Түркістан облысында заңсыз қару сақтаған екі тұрғын ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қылмыстық іс қозғалды  

Фото: polisia.kz

Түркістан облысының тұрғынынан мылтық пен 160-тан астам патрон тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жедел уәкілдер Созақ ауданы тұрғынының үйін тінту кезіндет оның сейфінен аңшы мылтығы мен түрлі калибрлі 160-тан астам патрон тапты. Оның ішінде АК-47 автоматы мен травматикалық қарудың оқтары бар.

Ер адам патрондарды бір жыл бұрын тауып алып, осы уақытқа дейін үйінде сақтағанын айтты. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Тергеу жүргізіліп, барлық мән-жай анықталып жатыр.

Сонымен қатар полицейлер Қазығұрт ауданының жергілікті тұрғынынан Лидер газ-травматикалық тапанша тапты. Күдікті қамауға алынды. Қылмыстық істің жинақталған материалдары заңды шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберілді.