$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.07.2024, 11:17
Қоғам

СҚО-да заңсыз берілген 10 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Сондай-ақ, 300 млн теңгеден астам активтер қайтарылды

СҚО-да заңсыз берілген 10 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлік субъектілері Жер кодексінің талаптарын бұзған. Жалпы ауданы 10,2 мың га болатын 14 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қадағалау органының шараларымен жоғарыда аталған жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды және бүгіндері ауыл шаруашылығы заңды экономикалық айналымға тартылуда», - деп хабарлады прокуратура.

Тағы бір жағдай, Қызылжар ауданы прокурорының талабы бойынша қала маңындағы беделді аудандағы 47 гектар заңсыз берілген жер телімі мемлекетке қайтарылды.

«Барлық қабылданған қадағалау шараларымен мемлекетке жалпы сомасы 300 млн теңгеден астам активтер қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», - делінген ақпаратта.

 

Серіктес жаңалықтары