Алматы облысында COVID-19 вирусы тағы 12 адамнан анықталды
28 сәуір сағат 17:40-тағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 37 адам тіркелді. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Ақмола облысында - 1, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Маңғыстау облысында - 1, Алматы қаласында - 10, Ақтөбе облысында - 4, Алматы облысында - 12, Қызылорда облысында - 3, Қарағанды обылсында 3 адам бар.
Осылайша, Қазақстанда қауіпті індет жұқтырғандардың жалпы саны 3019-ға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 601
- Алматы қаласы – 919
- Шымкент қаласы – 176
- Ақмола облысы – 95
- Ақтөбе облысы – 65
- Алматы облысы – 113
- Атырау облысы – 128
- Шығыс Қазақстан облысы – 17
- Жамбыл облысы – 108
- Батыс Қазақстан облысы – 126
- Қарағанды облысы – 139
- Қостанай облысы – 43
- Қызылорда облысы – 186
- Маңғыстау облысы – 32
- Павлодар облысы – 120
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30
- Түркістан облысы – 121 адам.