Бұл есім жас талғамайтын болып шықты
Ұлттық статистика бюросы елдегі есімдердің ерекшелігі мен саны бойынша зерттеу жүргізген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елімізде елордамен аттас 24 адам бар.
«Астана есімі 17 ұлға, 7 қызға берілген», - деп хабарлайды бюро.
Жастардың топтамасы бойынша Астана есімі 0-14 жастағылар арасында кең тараған. 30 жасқа дейін Астана есімі адамдарға жиі қойылған.
Елімізде жыл сайын 6 шілде - Астана күні мерекеленеді.