Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл – Ақтөбе және Атырау қалалары  

Фото: pixabay.com

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, 5 шілде, жұма күні Қазақстанның батысындағы екі қалада қолайсыз метеожағдай күтілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2024 жылдың 05 шілдесінде Ақтөбе, Атырау қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде», - деп жазды синоптиктер.

Метеорологиялық жағдай қос шаһардың атмосферасында зиян заттардың жиналуына ықпал етеді.