Астанада 15 автобустың бағыты өзгерді

Автор: Azattyq Rýhy

3-4 шілдеде ШЫҰ саммиті өтеді

Фото: freepik.com

City Transportation Systems ЖШС Астанада 15 маршруттың қозғалыс схемасы өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

4 шілдеде № 3, 4, 4А, 14, 19, 40, 21, 29, 29А, 32, 43, 50, 66, 84, 202 бағдарлардың сызбасы уақытша өзгереді.

«Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті күндері қоғамдық көліктер әдеттегідей жұмыс істейді. Жұмыс уақыты 06:00-ден 23:30-ға дейін», - делінген хабарламада.

3-4 шілдеде ШЫҰ саммиті өтеді. Бірқатар көшелер жабылады.