Журналист Айдос Садықов Киевте көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 18 маусымдағы қастандықтан кейін реанимацияда жатты

Фото: Aidos Sadykov / X

Қазақстандық журналист Айдос Садықов түнде ауруханада қкөз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы оның жұбайы Наталья хабарлады.

Еске салайық, Садықов 18 маусымда Киевте атылды, сол сәттен бастап ол реанимацияда жатты. Украинада журналистке қастандық жасады деген айыппен 33 жастағы Мейрам Қаратаев пен 36 жастағы Алтай Жақанбаев ұсталды. Екеуі де Қазақстан азаматы.

Айдос Садықов пен оның әйелі журналист, 2014 жылдан бері Украинада тұрады және босқын мәртебесіне ие.