Атырауда қызметтік иттің көмегімен жоғалып кеткен зейнеткер табылды

Azattyq Rýhy

Зейнеткердің туыстары оны өз бетімен іздеп көргенімен, нәтиже болмаған 

Атырауда қызметтік иттің көмегімен жоғалып кеткен зейнеткер табылды
Фото: Атырау қалалық ПБ

Атырауда қызметтік иттің көмегімен 72 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны екі сағатта табылды. Кіші инспектор-кинолог Айбар Батвыров Рокки есімді қызметтік итімен азаматшаны Теміржол вокзалы маңынан іздеп тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақжайыққа сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 30 маусым күні түскі сағат 12:30 шамасында жоғалған әйелдің ұлы 102 арнасына хабар берген. Айтуынша, жоғалған анасы сөйлей алмайды және психикалық ауытқуы бар көрінеді. Ол сағат 9:00 шамасында Химпоселек ықшам ауданында туыстарының үйінен шығып кетіп, сол күйі хабарсыз кеткен. Туыстары оны өз бетімен іздеп көргенімен, іздеу нәтиже бермеген. 

«Жедел қоңырау қабылдаған тәртіп сақшылары бірден жылдам әрекетке көшіп, егде жастағы әжейді іздеуді дереу ұйымдастырған. Полицейлер оның болуы мүмкін барлық жерлерді тексеруге кіріседі. Кіші инспектор- кинолог Айбар қызметтік итімен бірге әйелді іздеуге жұмылған. Рокки азаматшаның киімінен шыққан иіс арқылы ізіне түседі. Нәтижесінде, Теміржол вокзалы маңынан тапқан. Табылған әжейдің туыстары полицейлерге жедел іздестіргені үшін ерекше алғысын білдірді», - делінген ақпараттық сайттың материалында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.