Azattyq Rýhy тілшісі Қытайда журналистерге арналған CIPCC бағдарламасын тәмамдады

Автор: Аягөз Құрмаш

Тағылымдама 4 айға созылды

Фото: Azattyq Ruhy

ҚХР астанасы Бейжіңде Қытайдың қоғамдық дипломатия қауымдастығы (CPDA) бастаған 100-ден астам шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өкілдеріне арналған CIPCC бағдарламасы аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

CIPCC бағдарламасы Қытайдың медиа агенттіктері мен дамушы елдердің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды қамтиды. Қытайлық дипломатия қауымдастығы Еуропа, Африка, Ресей және Орталық Азия елдерінен жиналған журналистерді іс-тәжірибеден өткізіп, қытайлық мәдениет пен экономиканың даму бағытымен таныстырады.

Қытай халықаралық баспасөз орталығы 2014 жылы өз жұмысын бастаған. Осы 10 жыл ішінде әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған журналист тағылымдамадан өтіп үлгерді. Бағдарлама аясында CIPCC Қытайдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, дипломатия, мәдениет, ғылым және техника бойынша дәрістер, журналистика бойынша оқыту және тағылымдамасын ұйымдастырды. Azattyq Rýhy тілшісі де 100 елдің журналисімен қатар 4 айлық тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында Шыңжан, Цзянсу және Хайнань сынды 3 провинцияға сапарлады. Сондай-ақ Қытайдың Global news ақпарат агенттігінің журналистерімен тәжірибе алмасты. 100-ден астам елдің журналистерімен іс-шараларға қатысып, жергілікті БАҚ өкілдерінің тәжірибесімен танысты.

«Мұндай іс-тәжірибеге қатысып, біліктілігімізді арттырғанымызға қуаныштымыз. 4 айда Қытайдың мәденмиетімен, дәстүрімен және өмірімен етене таныса алдық. Өзге елдің 100-ден астам журналисімен әңгіме құрып, тәжірибе, жаңалық алмасу да үлкен әсер етті. Бағдарлама ұйымдастырушыларына алғыс айтқым келеді», - дейді ресейлік журналист Светлана Задера.