63 адам жарақат алды
Түркияның Измир қаласында тұрмыстық газдың жарылуынан бес адам қаза тапты, 63 адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq rýhy NTV-ге сілтеме жасап.
Ауданда тоғыз ғимарат қирады.
«Оқиғаны тергеу басталды. Іс бойынша екі прокурор тағайындалып, өнеркәсіптік баллонды ауыстырған адам және кәсіпорын иесі ұсталды», - делінген материалда.
Жарылыс Торбалы ауданындағы тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан кондитерлік цехта болғаны анықталды.
Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі.