Жетісу облысында құтқарушылар адасып кеткен баланы тауып алды

Автор: Azattyq Rýhy

Қыз бала ересектердің қарауынсыз қалып, адасып кеткен

Фото: ТЖМ

ТЖМ құтқарушылары Жетісу облысында балаға көмекке келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құтқарушылар Алакөл көлінің жағалауын патрульдеу кезінде 2017 жылы туылған қыз баланы тапты, деп хабарлайды.

Белгілі болғандай, қыз бала ересектердің қарауынсыз қалып, адасып кеткен. Құтқарушылар баланы анасына тапсырды.

Ол медициналық көмекке мұқтаж емес еді.