Қазақстанда қауіпті індеттен 696 адам айығып шықты
Бүгін (сағат 16:15-тегі жағдай) Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 14 науқас сауығып шықты. Шымкент қаласында – 6 науқас, Павлодар облысында – 1 науқас, ал Қызылорда облысында 7 науқас айықты. Бұл туралы coronavirus2020.kz порталы хабарлады.
Осылайша, Қазақтанда қауіпті індеттен айыққандардың саны 696-ға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 214
- Алматы қаласы – 96
- Шымкент қаласы – 29
- Ақмола облысы – 31
- Ақтөбе облысы – 10
- Алматы облысы – 9
- Атырау облысы – 47
- Шығыс Қазақстан облысы – 6
- Жамбыл облысы – 43
- Батыс Қазақстан облысы – 7
- Қарағанды облысы – 37
- Қостанай облысы – 3
- Қызылорда облысы – 107
- Маңғыстау облысы – 4 адам.
Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус індетінен 25 адам көз жұмды.