Оқиға фактісі бойынша тексеру жүргізіледі
Түркістан облысындағы жеке балабақшаның бірінде 34 бүлдіршін тамақтан уланды. Оқу-ағарту министрлігі балалардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан балалардың улану фактісі бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Жеке балабақшада балалардың тамақтан улану фактісі тіркелді. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тексеру жүргізеді. Санитарлық нормаларды сақтамаған балабақша қызметкерлері жауап береді», - деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, балалардың жағдайы қалыпты. Барлық сәби үйлеріне жіберілді.