Астаналық борышкер әкелер 87 миллион теңге төледі

Автор: Azattyq Rýhy

10 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды

Фото: depositphotos.com

Бас прокуратура «электрондық әмияндар» электронды төлем құралдарында 300 млн теңгеден астам кірісін жасырған борышкерлерді анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мысалы, 5 млн теңге қарызы бар жосықсыз борышкер екі баласына 5 жыл бойы алимент төлемеген. Ол әмиянын 6 млн теңгеге толықтырып, өз қажеттіліктері үшін жаратқан. Басқа жағдайда, 33 жастағы алимент төлемеуші сот үкімімен алимент төлеуден жалтарғаны үшін 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартумен 1 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды», - делінген хабарламада.

Жалпы жыл басынан бері 250 баланың пайдасына 87 млн теңге өндірілді.

Сот актілерін орындамағаны үшін 98 борышкер әкімшілік, 10 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды.