Тұрғын үйлерді қалпына келтіру үшін шамамен 257 миллиард теңге қажет
Елімізде 3664 адам әлі эвакуациялау орталықтарында жүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлім етті.
67 мыңнан астам қазақстандық өз үйлеріне қайтуға мүмкіндік алды.
«Жалпы, су тасқыны басталғаннан бері зардап шеккендердің жалғыз баспанасы болған 12 086 тұрғын үй мен 7 380 саяжайды су басқан. 18 228 (94%) тұрғын үй тексеріліп, 15 651-ге бағалау жүргізілді», - деді Бозымбаев.
Сауалнама қорытындысы бойынша, 9306 үй жөндеуді қажет етеді. 8190 баспананы қалпына келтіру мүмкін емес, билік нарықта 5714 үй мен пәтер сатып алып, типтік жоба бойынша 2576 тұрғын үй салады. Тұрғын үйді қалпына келтіру үшін шамамен 257 миллиард теңге қажет. Қазірдің өзінде 6176 отбасы жалпы сомасы 40 млрд теңге өтемақы алды.