Алматы әуежайының президенті жаңа терминалдың сын көтермейтін сапасына қатысты жауап берді

Azattyq Rýhy

Жаңа терминалдың әйнегі шытынаған

Алматы әуежайының президенті жаңа терминалдың сын көтермейтін сапасына қатысты жауап берді
Фото: Ақорда

Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Косе жаңа терминалдың сын көтермейтін сапасына қатысты жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1 маусым күні іске қосылған Алматы әуежайының жаңа терминалында БАҚ өкілдеріне баспасөз туры ұйымдастырылды. Әуежай басшысы жаңа терминалдың әйнегі шытынағаны бейнеленген видеоға байланысты пікір білдірді.

 «Егер біз бәріңіз айтып жатқан жарықтар туралы айтатын болсақ, онда ғимараттың өзі темірбетон конструкцияларынан, ғимарат қауіпсіздігі мен сейсмикалық талаптардың соңғы талаптарына сәйкес салынған. Бірақ жаңа ғимарат кішкене отырады. Сол тұрақтану кезінде кейбір шыны мен әйнектерде кішігірім жарылған жерлер болады. Біз оны алмастырамыз. Бұл қалыпты жағдай. Мұнда қорқынышты ештеңе жоқ. Ғимарат үшін ешқандай қауіп жоқ», - деді ол.

Алматы әуежайының жаңа терминалында әйнектің жарылған фотосы әлеуметтік желіде тарап кеткен.

Алматы әуежайының президенті жаңа терминал бүгінге дейін 1,5 мың рейсті қабылдағанын және күнделікті 16 мың жолаушыға қызмет көрсетіп жатқанын атап өтті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.