Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады
Қазақстанда ерекше білімді қажет ететін баланың саны 200 мыңнан асады. Қазір еліміздегі мектептердің 86 пайызы инклюзивті білім беруге жағдай жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Балаларды оқу-тәрбие процесінде сүйемелдеу үшін педагог-ассистент штаты еніп, қазір олардың саны 2,5 мыңнан асқан.
«Оқу-ағарту министрлігі «Дара» қорымен бірлесіп 0-ден 3 жасқа дейінгі балаларға арналған «Ерте қолдау» жобасын іске асырып жатыр. Бүгінде елімізде ерекше білім беруді қажет ететін 200 мыңнан астам бала бар. 500-ге жуық білім беру ұйымы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға түзету-білім беру қызметтерін көрсетіп келеді. Сондай-ақ 1051 мектепте инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері жұмыс жасайды», - дейді инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.