Қазақстанда карантин кезінде ажырасуға 300-ден астам онлайн өтініш түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Ал некелесуге 1152 өтініш берілген

Фото: ашық дереккөзден

Карантин кезінде egov.kz порталына некені тіркеу туралы 1152 өтініш, ал онлайн ажырасуға 311 өтініш түскен. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарушы директоры Мұрат Жұманбай Instagram парақшасындағы тікелей эфирде айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Карантин уақытында некелесуге 1152 өтініш, ал некені бұзуға 311 өтініш түскен. Соттарда некелескендер мен ажырасқандар статистикасы басқаша болуы мүмкін. Бұл цифр қазіргі жағдайды дәл сипаттай алмайды. Яғни, бұл тек онлайн өтініштердің саны ғана», - деді ол. 

Мұрат Жұманбайдың айтуынша, ажырасқан азаматтар egov.kz арқылы некені тіркеуге өтініш бере алмайды. Олар АХАТ арқылы өтініш беруі тиіс. 

Айта кету керек, елімізде балалары мен ортақ мал-мүлкі жоқ жұптар ғана онлайн ажыраса алады. Қалған жағдайда сотқа жүгіну керек.