Елдегі көліктердің жартысына жуығы кемі 20 жыл айдалған

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанда тіркелген автокөлік саны – 5 442,9 мың

Фото: istockphoto.com

1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5442,9 мың болды. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның ішінде:

  • 88% — жеңіл автомобильдер
  • 9,9% — жүк автомобильдері
  • 2,1% — автобустар

Былтыр автокөлік бойынша 1 191,3 мың тіркеу жүргізілді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1,6 есе көп.

2024 жылғы сәуірде есепке 157,9 мың автокөлік қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9% кем.

Оның ішінде жеңіл автомобильдер 8,6%-ға азайды, жүк автомобильдері 2,9% кемісе, автобустар 15,3%-ға артқан.

Қазақстан автопаркінің көліктің шыққан жылы бойынша көрінісі:

  • 20 жылдан асқан — 44,8%
  • 10-нан 20 жылға дейін — 23,6%
  • 7-дан 10 жылға дейін — 12,7%
  • 3-тен 7 жылға дейін — 12,7%
  • 3 жылға дейін — 6,2%