ТЖМ азаматтарды өрт қаупі жоғары кезеңде табиғаттағы жүріс-тұрыс қағидаларын ұстануға шақырды

Автор: Azattyq Rýhy

Табиғи өрттердің пайда болуының негізгі себептері айтылды

Фото: istockphoto.com

Төтенше жағдай министрлігі өрт қаупі жоғары кезеңде табиғаттағы жүріс-тұрыс қағидаларын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Табиғи өрттердің пайда болуының негізгі себептері - халықтың отты абайламай қолдануы және найзағай разрядтары.

  • Орман және дала алқаптарында жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастауға тыйым салынады;
  • От жағу, қоқыс пен құрғақ шөпті жағу, шыны заттарды (бөтелкелерді), май жағылған немесе жанғыш заттар сіңірілген материалдарды қалдыру аса қауіпті.