13.06.2024, 11:31
Қоғам
82 жасында әлемдегі ең танымал көшені аралаған әже (ВИДЕО)
Семейлік кейуана Тайм скверде суретке түсті
Фото: видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде Нью-Йорк көшелерін аралап, саяхаттап жүрген әженің видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғаны, әже 82 жаста.
«Тайм скверде апа жүр. Қазір апаға фотосессия жасап берейік. Апа, Тайм скверге қош келдіңіз!», - деген видео авторы.
Кейуананың бұл Нью-Йоркқа алғашқы сапары екен.
«Нью-Йоркта қазақ көрсек мәз боламыз. Ал Таймс-Скверде ақ жаулықты апамен жолығу қандай қуаныш десеңізші?! 82 жасында мұхит асу - бір жағы ерлік, бір жағы бақ дер едім. Сонау Семейден ат арылтуға себеп - кенже қызына, немерелеріне деген сағыныш, махаббат…
Күлшағи әжеге зор денсаулық тілеп, видеоны бөлісейік. Келер жылы ұшып келсе, тағы да фотосессия жасауға біз дайынбыз», - деп жазған фотограф.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
07.01.2026, 17:13
Атыраудағы отбасы өлімі: күдіктінің кім екені белгілі болды
07.01.2026, 08:22
«Біз бармыз, біз аман қалдық»: Алагөзовтің экс-жары Сатаевтың бұрынғы жұбайына араша түсті
07.01.2026, 15:18
Шымкентте сарбаздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды
07.01.2026, 14:46
Ақтауда ана мен екі бала мысықтың арқасында өрттен аман қалды
07.01.2026, 11:10
Астанада пәтерде жалғыз қамалып қалған бала құтқарылды