Алматыда Көктөбедегі телемұнараға найзағай түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Жергілікті фотограф бұл сәтті фотоға түсіріп жариялады

Фото: Instagram/shavarev_

Алматыда Көктөбедегі телемұнараға найзағай түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2024 жылдың 13 маусымында таңертең Алматыда қолайсыз ауа райы болды. Қатты күн күркіреуі қала тұрғындары мен қонақтарын шошытты.

Жергілікті фотограф Александр Шаварев Көктөбе тауындағы телемұнараға найзағай түскен сәтті түсіріп үлгерді.

«Көк-Төбе» телемұнарасына найзағай түсті, 13.06.2024», - делінген видео сипаттамасында.