Атырауда көлік ішінде қалған сәби тұншығып қала жаздаған

Автор: Темірхан Айжан

Баланың қызуы 40 градусқа көтіріліп, денесі ісінген

Фото: freepik.com

Атырауда көлік ішінде қамалған сәби өлім аузынан қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бір жасар баланың анасы сәбиін көлік ішінде қалдырып, өз шаруаларымен кеткен. Қайтып келген кезде баланың есінен танып жатқанын көреді. Жанұшыра жақын жердегі перзентхананың қызметкерлерінен көмек сұраған. Баланың қызуы 40 градусқа көтіріліп, денесі қызарып ісініп кеткен. Жүрегі жиі-жиі соққан. Дәрігерлер жылдам қимылдап, бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды. Қазір науқастың жағдайы тұрақты, облыстық ауруханада жатыр.

Мамандар ыстық күні жабық көлік ішінде балаларды қалдырмауға шақырды.