Автор елордада ауа райы бір сағатта қалай құбылғанын көрсеткен
Әлеуметтік желіде ауа райы туралы бейнеролик оқырманды күлдірді. Видео авторы Астананың ауа райы бір сағатта қалай құбылғанын көрсеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видео 7 маусымда түсірілген, миллионға жуық қаралым жинады.
«Табиғатта қолайсыз ауа-райы жоқ, әр ауа-райы керемет», «қалай киіну керектігін білмейсіз, сондықтан өзіңізбен бірге қосалқы киім ала жүріңіз», «бұл біздің жаз», «Астана жазы көңілді», - деп жазды оқырмандар видео астына.