Малавиде аза тұту күні: вице-президент мінген ұшақ орманға құлаған

Автор: Azattyq Rýhy

Апаттан аман қалғандар жоқ

Фото: AFP 2024/Amos Gumulira

Малави вице-президенті Саулос Чилима мен тағы тоғыз адам мінген ұшақ Чикангава орманына құлады. Ұшақ апатынан аман қалғандар жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Малави үкіметі ұшақтың Лилонгведен көтеріліп, Мзузу әуежайына қонуы тиіс екенін, алайда, орманға құлағанын жазды. Бортта Малави вице-президенті 51 жастағы Саулос Чилима мен тоғыз серігі болған. Вице-президент Малавидің бұрынғы Әділет министрінің жерлеу рәсіміне қатысу үшін бара жатқан

«Призидент Лазарус Чаквера ұлттық аза тұту күнін жариялап, жалауларды түсіруді бұйырды», – деп хабарлайды ел үкіметі.