$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.06.2024, 14:33
Қоғам

Алматыда самокаттардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиіледі

Қала жолдарында олардың 50 мыңнан астамы бар

Алматыда самокаттардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиіледі
Фото: istockphoto.com

Алматы қаласында самокаттардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қала тұрғындары арасында баламалы көлік түрлері, соның ішінде самокаттар әлі де сұраныста. Алматы жолдарында олардың 50 мыңнан астамы бар, сәйкесінше жол-көлік оқиғасы да көбейген. Жыл басынан бері самокаттардың қатысуымен 38 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 42 адам зардап шекті, абырой болғанда, қаза болғандар жоқ. Ішкі істер Министрлігі қабылдаған шаралар самокаттарды пайдалану жағдайын біршама тұрақтандыруға мүмкіндік берді: жас шектеулері белгіленді, қорғаныс құралдарын міндетті түрде пайдалануға және жолаушыларды тасымалдауға талаптар қойылды. Алайда қайғылы оқиғалар әді де жалғасуда. Самокат пайдаланушылар жол қозғалысына қатысушылардың осал санаттарының бірі болып табылады», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Жыл басынан бері жолдың ортасында жиі қозғалатын, жеке қорғану құралдарының міндетті болуы талаптарын елемейтін, кәмелетке толмағандардың самокаттармен жүруіне жол берген 7,5 мыңнан астам самокат жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары