Рейд кезінде 15 адам ұсталған
Таразда карантин кезеңінде полиция жұмыс істеп тұрған монша үйін тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
«23 сәуірде, аймақтың бас санитарлық дәрігерінің бұйрығы негізінде ұйымдар мен мекемелердің жұмысын бақылайтын рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері монша үйін анықтады, онда 15 адамға қызмет көрсетілген. Белгілі болғандай, карантин талаптарына сәйкес туыстары мен жақын достарынан тұратын адамдар тобы монша иесінен қабылауды сұраған», - деп хабарлайды сайт.
Азаматтарға және мекеме иесіне қатысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексі 476 бабына (төтенше жағдай режимін бұзу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Рейдтік іс-шаралар жалғасуда.