Жыл басынан бері өңірде жеті бала терезеден құлап кеткен
Ақтөбеде оқыс оқиға орнап, терезенің алдына шығып, ойнап отырған бес жасар ұл құлап кетті. Бұлдіршін тіл тартпай мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бала үйдің жетінші қабатынан құлаған.
«Бөлмесінің терезесіне шығып, ойнап отырған бала жетінші қабаттан құлап кетті. Оқыс оқиға салдарынан бес жасар ұл тіл тартпай мерт болды», - деп хабарлады полиция.
Жыл басынан бері Ақтөбеде жеті бала терезеден құлап, біреуі көз жұмған.