Дунай тасыды: жағалаудағы Еуропа елдерінде қаза тапқандар бар

Автор: Темірхан Айжан

Германияның оңтүстігінде нөсер жауын жауған 

Фото:Heidelbergbilder

Германияның оңтүстігіндегі толассыз жауын-шашыннан кейін, Дунай өзені арнасынан асып, су тасқыны болды. Су тасқынынан қаза тапқандар да бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бавария мен Баден-Вюртемберг аймақтарын су басқан, қазірге дейін 5 адамның қаза тапқаны айтылады. Үш өзеннің арнасы түйіскен тарихи қала Пассауда су деңгейі 10 метрге көтеріліп, кейінгі онжылдықтағы ең жоғары көрсеткішке жеткен.

Аустрия мен Венгрияда да Дунай көтерілген, Аустрияның жаңаға жақын аудандары су астында қалған. Венгрияда синоптиктер алдағы 3 күнде тағы да нөсер жауын болады деп отыр. жағадй сағат сайын ушығып барады. Су деңгейі көтіріле берсе Словакия елінің Дунай жайылмаса таралуы мүмкін деген қауіп бар.

Бавария Премьер-министрі Маркус Цедер жағдайдың қиын екенін айтады. Кейбір сарапшылар жауын-шашынды «жүз жылда бір келетін апатқа» теңеп жатыр.