05.06.2024, 11:12
Қоғам
Қазақстанның барлық өңірінде су тасқыны аяқталды
Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдаланылады
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі
Қазақстанның барлық өңірінде су тасқыны аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, еліміздің су қоймаларындағы жағдай мынадай:
- Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 87%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
- Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 99%-ға толы. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді.
- Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы.
- Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
- Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 89,8%.
- Абай облысында Шүлбі су қоймасы 87,8%-ға толды. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
- Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99,5%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кесте аясында жұмыс істейді.
- Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 91%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдаланылады.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 09:35
«1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытауда карьерді рекультивациялау жұмысының астында заңсыз кен өндіріліп келген
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды