Оның иесі көпшіліктің назарын өзіне аударды
Алматыда қоғамдық көліктің біріне қозысына жөргек кигізіп алған жолаушы мініп, көпшіліктің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алматы – мәдени астана», «Жөргек 4-ші өлшем бе, 5-ші ме», «қазір жетектеп жүр, Құрбан айтта көреміз», «Союға қимай жүрген шығар», - деген сынды пікірлер жазып, желі қолданушылары бір шулап қалды.
Бұл оқиғаға қатысты Алматы қаласы полиция департаментіне сұрау салынды.