Кент әкімі аппаратының бухгалтері 5 млн теңге пара алған
Прокуратура жүргізген тексерудің нәтижелері бойынша Қарағанды облысында кент әкімі аппаратының бухгалтері сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Осакаров ауданының прокуратурасы Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері 2022-2023 жылдар аралығында өзіне жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам жалақыны негізсіз есептегенін анықтады. Алаяқтық фактісі бойынша прокуратура қылмыстық іс тіркеді», - делінген хабарламада.
Осакаров аудандық сотының үкімімен Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.
Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.