Құзырлы орган күмәнді сілтемелерге өтпеу керектігін еске салды
Жақында мессенджерлерде жалған аккаунттар құру, прокуратура органдарының қызметкерлерінің, тіпті басшылығының атынан алаяқтық әрекет белгілері бар қоңыраулар мен хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарды бейтаныс аккаунттарға сенбеуге және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге шақырады.
«Осындай қоңыраулар немесе хабарламалар алған кезде осы фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.