М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры жемқорлық үшін күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды

Видеодан алынған кадр

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасын әшкереледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Ол медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын кедергісіз аударғаны үшін Алматы қаласының кәсіпкерінен 11,6 млн теңге көлемінде пара алған», - делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.