Үйден жалаң аяқ шығып кетті: Қостанай облысында зейнеткерге іздеу жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

77 жастағы әйел жоғалып кетті

Фото: instagram.com/pso_dos.kst_

Қостанай облысында қарт зейнеткер жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

77 жастағы Несібелі Кенжеғұлова бүгін, 30 мамыр күні, түнде белгісіз бағытта Семилетка ауылында орналасқан үйінен шығып кетіп қалды. Осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз.

Әйел қара халат киіп, басына орамал таққан, аяқ киімсіз.

Егер жоғалған әйел туралы ақпарат белгілі болса, осы нөмірлерге қоңырау шалуды сұраймыз: 102, 8 707 197 18 48, 8 777 743 56 08.