Алматыда шетелден келген жезөкшелер ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Интимдік қызмет көрсетілген үй иесі де жауапкершілікке тартылады

Фото: ҚР ІІМ

Алматыда шетелден келген жезөкшелер ұсталды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Көші-қон қызметі оларды «Стоп трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.

«Тексеру барысында Наурызбай ауданындағы үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысатын орын болған жеке тұрғын үй анықталды. Ұсталған 12 адамның жетеуі – көші-қон заңнамасын өрескел бұзған шетел азаматтары. Аталған дерек бойынша құқық бұзушыларға қатысты заңнамалық шаралар қолданылды», - деді Алматы қалалық полиция Департаменті Көші-қон қызметі Басқармасының басшысы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар, интимдік қызмет көрсетілген үйдің иесін Наурзыбай аудандық ПБ-ның қызметкерлері жауапкершілікке тартты.