Атырауда төленбеген 3,7 млн теңге айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның автокөлігі айып тұрағына қойылды

Фото: istockphoto.com

Атырауда төленбеген 3,7 млн теңге айыппұлы бар жүргізуші ұсталды. Борышкердің көлігі айып тұрағына қойылды. Бұл туралы Атырау қалалық полиция басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметінше, борышкер жүргізуші 27 мамырда ұсталған. 

«Күндізгі сағат 16:20 шамасында жедел басқару орталығының қызметкерлері Сатпаев-И.Тайманов көшелерінің қиылысында NISSAN автокөлігін анықтады. Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің тексеруі кезінде көлік жүргізушісінің 3 млн 771 мың теңге айыппұлын төлемей жүргені анықталды. 1978 жылғы жігіт көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, рульге отырған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері жинақталған іс-құжаттарын мамандандырылған әкімшілік сотқа жолдады. Ал, автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.