Маңғыстау облысында төбелес шығарған түлектердің ата-аналары кешірім сұрады

Автор: Azattyq Rýhy

Кеше Бейнеу ауданында түлектер арасында кикілжің болып, мектеп бітірушілер арасында төбелес шықты

Видеодан алынған кадр

Бейнеу ауданында мектеп бітіріп жатқан бір топ оқушы көшеде бір-бірімен төбелесіп, тас лақтырған. Осы оқиға үшін оқушылардың ата-аналары кешірім сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік оқушылар төбелесі Боранқұл ауылында болған.

«Біз балаларымыздың мектеп бітіру салтанатын бастан-аяқ өзіміз полицейлермен бірге бақылап жүрдік. Аз ғана уақыттың ішінде балалар арасында келіспеушілік болып қалды. Алайда ешкім жарақат алмады. Осы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен екен. Балаларымыздың бұзақылығы үшін кешірім сұраймыз», - дейді ата-аналар.

Еске сала кетсек, осыған дейін Бейнеу ауданында түлектер арасында кикілжің болғанын хабарлаған едік.