$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.05.2024, 16:57
Қоғам

Қарағанды облысында бруцеллезге байланысты сегіз ауылда санитария шектеулері енгізілді

Бруцеллез ауруы анықталған кезде әрбір 15-20 күн сайын қайталап ауру малдың барлығынан сынама алынады

Қарағанды облысында бруцеллезге байланысты сегіз ауылда санитария шектеулері енгізілді
Фото: istockphoto.com

Қарағанды облысында ірі қарадан бруцеллез анықталған. Ветеринарлар аша тұяқтылардан жаппай сынама алуды бастап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Инфекциялық ауру Абай, Шет, Нұра және Қарқаралы аудандарында анықталған. Дәрігерлер аталған кесел белгілері адамдардан білінген жоқ дейді. Бруцеллез адамға ауру малдың еті мен сүтінен, немесе мал сою кезінде адам денесіндегі ашық жаралар арқылы жұғады. Сондықтан ауылдағы ағайыннан сақтық ережелерін сақтауды сұрайды. Қорада қолғап киіп, сүтті әбден қайнатып алып қолдану керек. Ауылдарда сынамалар алу басталды. Малды ауылдан шығаруға тыйым салынды. Кесел расталған 18 сиыр сойылып, еті шұжық цехтеріне өткізілген. Өңдеуге өткізгендегі сомадан бөлек, мал құнының 30 пайызы мемлекет себінен өтеледі.

«Бруцеллез ауруы анықталған кезде әрбір 15-20 күн сайын қайталап ауру малдың барлығынан сынама алынады. Бруцеллез ауруына тән мал түрлерінен. Содан соң 15-20 күн сайын қан алынып, оң нәтиже көрсеткен малдарды санитарлық союға жіберііп, ережеге сәйкес, еті қайта өңдеуге жібереді», - ҚР АШМ ветеринарлық бақылау комитетінің Қарағанды облысы аумағы инспекциясының басшысы Ержан Бекетбаев.

Серіктес жаңалықтары