Қызылордада әлеуметтік осал топтағы азаматтардың құқықтары қорғалды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар қоғамдық көлікте тегін жол жүру құқығы қамтамасыз етілді

Фото: Бас прокуратура

Қызылорда қаласы прокуратурасының прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде әлеуметтік осал топтағы азаматтардың құқықтарын қорғады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Бас прокуратуға сілтеме жасап.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар қоғамдық көлікте тегін жол жүру құқығы қамтамасыз етілді», - делінген хабарламада.

Осылайша аталған санаттағы 4 683 тұлғаның құқығы қорғалды.

Бұдан бөлек 15 жастан 18 жасқа дейінгі азаматтардың жол жүру құны елу пайызға азайтылды.