$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.05.2024, 11:13
Қоғам

Соңғы жылдары елімізде «синтетиканы» тәркілеу көрсеткіші өсіп барады

Сонымен қатар жастардың есірткі қылмысына тартылуы жиілеген

Соңғы жылдары елімізде «синтетиканы» тәркілеу көрсеткіші өсіп барады
Фото: ҰҚК

Ішкі істер министрлігінде нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Іс-шара барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстар әкімдіктерінің өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген форматта өтті.

Мемлекет басшысы есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске ерекше назар аударып отыр. Қазіргі таңда есірткінің синтетикалық түрлері үлкен проблемаға айналған. Соңғы жылдары “синтетиканы” тәркілеу көрсеткіші жоғары.

Сонымен қатар жастардың есірткі қылмысына тартылуы жиілеген.

«Нашақорлыққа қарсы күреске барлық мемлекеттік органдар тиімді қатысуы тиіс. Мұндағы негізгі бағыт – нашақорлықтың алдын алу, емдеу және оңалту. Сіздердің миссияларыңыз маңызды. Балалар – біздің болашағымыз. Ал есірткі ұлт болашағына қауіп төндіріп отыр», – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Серіктес жаңалықтары