Абай ауданында жерді заңсыз сату дерегі бойынша 2 қылмыстық іс қозғалған
Әкімшілік аумақ басшысының сөзінше белгісіз азаматтар қала шетінен қатарынан бірнеше үй салып, оны тіркеместен басқа адамдарға сатқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Тіпті 1 үйді бірнеше тұрғынға саудалаған көрінеді. Әзірге құрылыс жұмысын кім жүргізгені белгісіз. Ал нысан қазір мемлекет меншігіне алыныпты.
«Егелері табылған жоқ. Ені 4 метр, ұзындығы 2 метр немесе ені 2 метр, ұзындығы 8 метр тұрғындар тұрмайтын 10-15 үйді қатар салып тастаған. Ол жерге келіп, мынау менің үйім, менің жерім деп сатып кеткендер көп. Қазір бұл іс тоқтатылып, жері мемлекет балансына алынды. Енді салынған үйлер сот арқылы рәсімделетін болады», – дейді Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов.